СҚО әкімі қаладағы су басу қаупі бар аумақтарды аралады

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығындағы су тасқыны жағдайын бақылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы қаладағы Жұмысшылар кенті, Ойқала, Косогор және басқа да учаскелерді аралап шықты. Қазір барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Су сору техникасы мен мотопомпалар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Петропавл қаласының басшылығына үйлерге су кірмес үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырдым. Қалалықтардың өтініштері бойынша жедел әрекет ету қажет. Су тасқынының жағдайын үнемі тексеріп тұрамын, мәселе менің жеке бақылауымда, - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы