Спутниктік телевизия қызметі Атырау облысында 36% қымбаттады

Биыл қыркүйекте кабельдік телевизия қызметі бір жылда 3,3% арзандады. Еліміздің 20 өңірінің 12-де баға өзгерген жоқ. Бұл туралы BAQ.KZ finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спутниктік телевизия қызметі 6% қымбаттаса, кабельдік қызмет, керісінше, 3% арзандады.

Бағаның төмендеуі Алматыда (10%) және Шығыс Қазақстан облысында (3,7%) ғана байқалды.

Бес облыста кабельдік телевизия қызметінің қымбаттауы байқалды: Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Ұлытау және Маңғыстау облыстары.

Өз кезегінде спутниктік телевизия қызметі бір жылда 6,1% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Атырау (36,1%), Абай (19,6%) және Шығыс Қазақстан (17,4%) облыстарында байқалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы