«Спутник V» вакцинасының зерттеу қорытындылары күзде белгілі болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Спутник V» екпесінің зерттеу қортындылары күз айының ортасына қарай жарияланады, деп мәлімдеді РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко. 

Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

Бүгін бақылаулар аяқталып, қазанға қарай есептер дайын болады. Аралық бақылаулар жарияланды, - дейді министр тікелей эфир кезінде ресейлік «Знание» қоғамының «вакциналарды бірге түсінейік» білім беру науқаны аясында.
Оның айтуынша, ресейлік басқа вакцина түрлерінің саны шектеулі. «ЭпиВакКорон» және «КовиВак» бойынша нәтижелер 2021 жылдың аяғы мен 2022 жылдың басында жариялануы керек.

Ресейде COVID-19-дың алдын алу үшін бірнеше препарат жасалды. Қазіргі таңда елдің барлық тұрғынына «Спутник V» вакцинасы қолжетімді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы