«Спутник V»: Ұлттық экономика экс-министрі вакцина алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының бұрынғы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Спутник V» вакцинасын салдырды.
Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
Бірер минут бұрын «Спутник V» вакцинасын салдырдым. Бәрі жақсы, - деп жазды ол.Сонымен қатар Руслан Дәленов Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалып, басқарма мүшелері құрамына кірді.
Еске салсақ, елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Вакцинаны ең алғашқылардың бірі болып ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Өмірдің мәні әйелде» деген айтыстың Асанқайғысы 70 жасқа толды
Өзгелердің жаңалығы