"Спутник Лайт" препаратын Қарағандыдан шығару жоспарлануда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Африканың алты елі ковидке қарсы mRNA вакциналарын шығару технологиясын алатын болады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеі жөніндегі ВАК хабарлады.
ДДҰ-ның хабарламасында өтініш берушілер қатарында Египет, Кения, Нигерия, Сенегал, Тунис және Оңтүстік Африка елдерінің бар екендігі және олар технологияны алушылар ретінде таңдап алынғандығы туралы көрсетілген.
Гонконгта ковидтің өршуіне байланысты әкімшілік басшысының сайлауын кейінге қалдыру туралы хабарланды. 27 наурызға белгіленген дауыс беру рәсімі 8 мамырға ауыстырылды. Гонконгта халықтың 85% вакцинацияланғанына қарамастан, бейсенбі күні қалада инфекция жұқтырудың 6,1 мыңнан астам деректері расталды — бұл жаңа антирекорд.
Қазақстандағы Қарағанды фармкешенінде "Спутник Лайт" препаратын шығару жоспарлануда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин вакцинаның тіркелгенін атап өтті.