Спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды "Созвездие" командасы "Жаяу туризм" санаты бойынша үздік атанды – Қарқаралы ауданында 5–10 шілде аралығында спорттық туризм бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. 

Туристік көпсайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Қарағанды облыстарының өкілдері қатысты.

Үш жас санатында жиырма команданың спортшылары жаяу және велотуризм бойынша жарысты. Біздің өңірді Қарағанды, Шахтинск және Қарқаралы таныстырды.

"Жаяу туризм" жарыс түрі бойынша қатысушылар үш қашықтықта – жеке, ұзын және қысқа қашықтықта кедергілерден өтті. Велотуризмде олар өз күштерін триалда, мәнерлеп жүргізу және кедергілер жолағынан өту кезінде сынап көрді, – деді жарыстың бас төрешісі және ҚР еңбек сіңірген нұсқаушысы Татьяна Хажиньязова.

Ересектер арасында (18 жастан асқан спортшылар) "жаяу туризм" түрінен бірінші орынды қарағандылық "Созвездие" командасы алды. "Жасөспірімдер" жас тобында (15 жасқа дейінгі спортшылар) Қызылорда облысынан "Экстрим" ерекшеленді. Жасөспірімдер арасында (15–18 жас аралығындағы спортшылар) Батыс Қазақстан облысының "Батыс WEST – 5" командасы үздік деп танылды.

"Ересектер" категориясындағы жаяу туризм техникасында бірінші орынды БҚО "Батыс WEST – 2" командасы алды. "Жасөспірімдер" жас тобында Жетісу облысынан "Ирбис-Текелі – 21" бірінші болды. Үздік жасөспірімдер командасы – БҚО-ның "Батыс WEST – 5" командасы.

Қарағанды облысында барлығы 3 мыңға жуық адам спорттық туризммен айналысады. Қазақстанда бұл спорт түрі 13 өңірде дамып келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы