7 Қазан 2023 2023, 23:38 Фото: Туризм және спорт министрлігі

Спорттық гимнастикадан ӘЧ: Қазақстан 26 жылдан соң медаль алды

Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Милад Карими Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 52-ші әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама көшбасшысы еркін жаттығудың финалында 14.600 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

Алтын Артем Долгопяттың (Израиль), күміс Казуки Минамидың (Жапония) еншісінде.