Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі кейінге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Спорттық гимнастикадан Дохадағы әлем кубогі кезеңі белгісіз мерзімге кейінге шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесіне сәйкес аталған турнир 10-13 наурыз күндері өтуі тиіс еді. Катарда жоспарланған әлем кубогінің кезеңі Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі болып саналады. 

Жарыстың қашан өтетіні қазірге белгісіз. Белгісіз мерзімге шегерілген жарыстың нақты уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы