2020 жылы спортты дамытуға республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық Олимпиада комитеттің бас Ассамблеясының отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин келесі жылы спортты дамытуға қанша қаржы бөлінетінін айтты.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық Олимпиада комитеттің бас Ассамблеясының отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин келесі жылы спортты дамытуға қанша қаржы бөлінетінін айтты.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының арқасында Тәуелсіздік жылдары қазақстандық спортшыларды дайындаудың тиімді жүйесі құрылды. Алғаш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатыса бастаған кезеңнен бері ұлттық құрама 71 медаль жеңіп алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында бұқаралық спортты дамыту міндетін қойды. Бүгінгі күні елімізде дене шынықтыру және спортпен 5 миллионға жуық адам айналысады», - деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы Қазақстанда спортты дамытуға көп көңіл бөлінетінін атап өтті.
«Биыл спортты дамытуға республикалық бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінді. Келесі жылы 51 миллиард теңге жоспарланған. Бұл тек республикалық бюджеттен, әлі де жергілікті бюджеттен қаржыландырылады», - дейді ол.
- 18 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:52
- Нұртөре Жүсіп: «Қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өз балаңды тәрбиеле» 13:18
- Павлодар облысында мемлекетке 2,5 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері қайтарылды 12:49
- Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқырғандар ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалды 12:14
- Ақмола облысында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді 11:48
- Астанада қоғамдық орындарды таза ұстауға арналған профилактикалық рейд өтті 11:34
- «Семей орманы» резерватындағы ірі орман өрті оқшауланды 10:51