Спортшыларымыз қоржынымызды алтынға толтыра берсін - Елдос Сметов

Бүгін Париж Олимпиадасына аттанған дзюдошыларымыз елге оралды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Париж Олимпиадасында дзюдодан алтын медаль алған алғашқы қазақ спортшысы Елдос Сметов жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Қайырлы күн, Қазақ елі! Күндеріңіз сәтті өтсін! Бүгінгі іс-шарада мені қолдап, маған уақыт бөліп, құрметтеп күтіп алғандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Көк туымыз көкте желбірей берсін! Олимпиадада ел намысын қорғап жатқан спортшыларымыз қоржынымызды алтынға толтыра берсін деген тілегіміз бар. Барлығымыз тілектес болайық, аман болыңыздар, - деді Елдос Сметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Өзгелердің жаңалығы