Спортшылардың жүріп-тұруы мен тамақтануы туралы жалған есептер тапсырғандар ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Астана қаласы "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған. Алайда іс жүзінде жиындар өткізілмеген, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырған. 

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 млн теңгеден асады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды, - ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы