Спортшылардың олимпиадаға киетін формасы сынға ұшырады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың салтанатты киім үлгісіне қатысты айтылған сынға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың салтанатты киім үлгісіне қатысты айтылған сынға пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл салтанатты форма толықтай Қызылорда қаласындағы отандық бренд тарапынан тігілген. Барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, дизайн спорт қауымдастығымен келісілген.
Алдағы Азия ойындарына байланысты ашық конкурс жариялаймыз. Ал қазіргі салтанатты форма спортшыларымызға ұнап отыр. Барлығы тігілді, спорт қауымдастығымен бірлесе отырып келісілді. Салтанатты формадан бөлек, бізде жарыс кезінде қолданылатын спорттық жауынгерлік экипировка бар. Биыл дәл осы экипировканың нәтижеге тікелей әсер ететінін ескере отырып, халықаралық Under Armour брендімен келісімшарт жасадық. Бұл форма спортшыларымыздың жарыстарда қолдануы үшін алынған, – деді министр.
Экипировка жиынтығына жазғы және қысқы спорт түрлеріне арналған формаларды қоса алғанда, шамамен 18 түрлі бұйым кіреді. Келісімшарт бюджеттен тыс қаражат есебінен жасалған, ал бренд тарапынан 70 пайыздық жеңілдік ұсынылған.
2026 жылдың күзінде Жапонияның Нагоя қаласында өтетін келесі жазғы Азия ойындары қарсаңында салтанатты форманы әзірлеу бойынша барлық отандық брендтердің қатысуымен ашық конкурс өткізу жоспарланып отыр.
- Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты: Ел намысын кімдер қорғайды? 08:52
- Көлеңкелі экономикамен күрес: Үкімет 53 іс-шараны қамтитын жоспарды бекітті 08:31
- Алматыда қымбат техникалар сақталған қоймада өрт шықты 08:08
- Мерц пен Бернэм Украинаға қолдауды жалғастыруға келісті 07:48
- Қазақстандықтар қандай қызметтер мен жәрдемақыларды онлайн ала алады? 07:30
- Трамп Канада импортына 50 пайыздық баж салығын енгізді 07:14
- Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді 06:35