Спортшылар Олимпиада күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусым спортшылар, әсіресе, Олимпиадашылар үшін ерекше күн. Себебі, 1984 жылдың 23 маусымынан бастап бұл күні бүкіләлем халықаралық Олимпиада күнін атап өтуде.

Олимпиада күнінде халықаралық, республикалық, тіпті аймақтық дәрежеде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, Олимпиадалық құндылықтар насихатталады. Жанкүйерлер спортшыларды, спортшылар жанкүйерлерді аталмыш мерекемен жарыса құттықтайды. Қазақстандық спортшылар биыл да үрдістен таймай, әлеуметтік желіде баршаны Олимпиада күнімен құттықтап жатыр.

Құттықтаушылар арасында Олимпиада чемпионы, жүлдегерлерімен қатар, ұлттық құрама мүшелері де бар. Ең алғашқы болып құттықтағандар тізімін Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов бастап тұр.  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы