Спортшылар арасында неге допинг көбейіп кетті - министр жауап берді
Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.тілшісі.
Соңғы 3 жылда 133 қазақстандық спортшының допинг дауына іліккен. Оның ішінде 93 атлет жазғы Олимпиада спорт түрінің өкілі. Бұл 93 спортшының ішінде 45-і ауыр атлеттеріміз болды.
2020 жылы допинг дауына іліккен ауыр атлеттердің саны 5 адам. 2022 жылы 10 болса, биылдың өзінде ғана 30 атлеттің допинг қолданғаны дәлелденді. Бұл біз үшін тым жоғары көрсеткіш. Өйткені І, ІІ, ІІІ санаттағы құрама команда түгел шеттетілген. Сонда қазір базалық құраманың рөлін жасөспірімдер атқаруға мәжбүр болып отыр. Яғни, жағдай жақсы емес. Қазір допингке қарсы орталықпен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, интернет арқылы спорттық тағамға тапсырыс беру оңай. Спортшылардың көбі осындай тапсырыспен сапасыз тағамға ұрынып қалып жатады. Яғни, допингке саналы түрде бармайтындары да бар. Тіпті интернет пен дәріхананы қойып базардан да сатып алатындар бар. Бұл жұмысты жүйелеп, заңнаманы тағы жетілдіру керек. Өйткен өте көп спортшымыздан айырылып жатырмыз,-деді министр.