Спорт жылы-2024: Астанада қандай турнирлер өтеді

2024 жылы Астанада бірнеше ауқымды халықаралық спорттық іс-шара өтеді. Оларға дайындық туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Еркеғали Корбозов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

27 қаңтарда Қазақстан астанасы алғаш рет жеңіл атлетикадан World Indoor Tour Gold – Astana Amoor meet for Amin Tuyakov Prizes сериясындағы беделді жарыстарды өткізеді. World Indoor Tour Gold әйгілі «Гауһар лига» сериясының аналогы болып саналады және жыл сайын әлемдегі ең үздік спортшылардың басын қосады.

World Indoor Tour Gold күнтізбесіне әлемнің жеті қаласы ғана кіреді:

- Астана, Қазақстан (27 қаңтар 2024 ж.);
- Острава, Чехия (30 қаңтар, 2024);
- Бостон, АҚШ (4 ақпан, 2024);
- Торун, Польша (6 ақпан, 2024);
- Льевен, Франция (10 ақпан 2024);
- Нью-Йорк, АҚШ (11 ақпан, 2024);
- Мадрид, Испания (23 ақпан, 2024).

Турнирге әлемнің 45 елінен 136 спортшы қатысады. Айта кетейік, World Athletics талаптарына сәйкес жүлде қоры әрбір түрі бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ биыл «Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024» әлемдік турнирі Алматыдан Астанаға көшірілді. Жарыс 10-12 мамырға жоспарланған. Айта кету керек, бұл IJF World Judo Tour аясындағы Үлкен Дулыға турнирінің соңғы кезеңі, ол 2024 жылы Париждегі Олимпиада ойындарында рейтингтік ұпайларды қамтамасыз етеді. IJF ережелері бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, 1-орын үшін 1000, 2-орын үшін – 700, 3-орын үшін – 500 есептелетін болады.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жылдың басты спорттық іс-шараларының бірі болмақ.

Елордада 1-5 ақпан аралығында ересектер арасында грек-римнен, еркін күрестен ел біріншілігі өтеді.
Ұлттық турнирге Қазақстанның 17 облысынан және Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан спортшылар қатысады. Оның қорытындысы бойынша Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия өңірлік іріктеу турниріне, сондай-ақ Ыстамбұлда (Түркия) өткен әлем біріншілігіне қатысатын балуандардың есімдері белгілі болады. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Наурыз мерекесіне орай елордада бірқатар жарыстар жоспарланған. Мысалы, асық ату, арқан тарту, армрестлинг және гір көтеру бойынша спорттық жарыстар.

Сондай-ақ наурыз айында көркем гимнастикадан халықаралық турнир өткізу жоспарланып отыр.

2024 жылдың қараша айында Астанада самбодан әлем чемпионаты жоспарланған.

Биыл Астанада әйелдер арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ташкентте (Өзбекстан) өткен Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ресми отырысында хабарланды.Бұл мекеме Астана қаласында ауқымды, оның ішінде қалалық іс-шаралардан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізетін және жоғарыда аталған спорттық іс-шараларға тікелей қатысы бар жалғыз мекеме болып саналады. Бұл мекеменің мақсаты қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау және ұйымдастыру болып есептеледі. Сондай-ақ халықты дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру, ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты ынталандыру, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы