Спорт мектептеріне қабылданатын балалардың жас шамасы өзгертілуі мүмкін

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спортшылардың жасын қайта қарайды, деп жазады BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті өзгерістер осы Ережені регламенттейтін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы №42 бұйрығына енгізілетін болады. 

Өзгерістер 18 жасқа дейінгі балалар, жасөспірімдер және жастар санатындағы спортшыларды даярлауды жүзеге асыратын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорт мектептеріне, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарына бағытталған.

Өзгерістер әр спорт түрінің ерекшеліктерін ескереді. Жас спортшылардың жасына сәйкес келетін жүктеме деңгейін алуы өте маңызды. Олардың одан әрі дамуы және денсаулығы осыған байланысты. Біз ұсынатын шаралар болашақ спорт жұлдыздарын даярлау сапасын айтарлықтай жақсартуға бағытталған, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы