Спорт мектептерін 1200 түлек тәмамдады

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат колледждерін 1200-ден астам жас түлек тәмамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар енді ұлттық құрама сапын толықтыруға дайын. Қазіргі таңда Қазақстанда осындай бағыттағы 19 оқу орны жұмыс істейді.

  • 5-еуі республикалық маңыздағы оқу орны;
  • 14-і – өңірлік деңгейдегі мектеп-интернат колледждер.

Республикалық оқу орындарынан 490 түлек аяқтап шықты. Ал 730-дан астамы өңірлік спорттық оқу орындарын аяқтады.

Республикалық оқу орындары арасында түлектер саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер белгілі болды.

  • Алматы қаласындағы РМҚК "Республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі" – 129 түлек;
  • К.Ахметов атындағы республикалық мектеп – 124 түлек;
  • Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп – 99 түлек;
  • Республикалық спорт колледжі – 93 түлек;
  • Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв мектебі – 45 түлек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Өзгелердің жаңалығы