Бүгін елімізде спорт күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні аталып өтеді. Аталған мереке елде спортты дамыту мен спорттағы жетістіктерді ынталандыруға арналған.

Бұл күнді атап өту туралы жарлыққа 2003 жылдың 15 қарашасында сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

Содан бері бұл мереке тұрақты тойланып келеді. Жылда осы күні әр түрлі бұқаралық шаралар өткізілетін. Бірақ биыл қалыптасқан жағдайға байланысты бұқаралық және салтанатты шаралар өткен жоқ. Құттықтаулар онлайн үлгіде ғана жолданып жатыр.

Мереке қарсаңында ел спортының дамуына үлес қосқан қайраткерлерге "Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін", "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгілері және Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттары табысталады.

2020 жылы коронавирусқа байланысты Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары да келесі жылға қалдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы