Испанияда коронавирус жұқтыру фактісі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гомер аралындағы клиникада карантинде жатқан неміс туристердің біреуінен коронавирус анықталды. 

Аталған клиникада бес неміс турист карантинде жатқан болатын.

Испанияда 2019-nCoV коронавирусы арқылы пневмониямен ауырған бірінші жағдай тіркелді. Бұл туралы корольдіктің Денсаулық сақтау министрлігі 1 ақпанда Twitter парақшасында хабарлады.

Бұған дейін арал билігі бір үйде тұрған туристер "коронавирус жұқтыруы мүмкін" деген күдікпен ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған болатын.

Пнемвонияның жаңа түріне шалдыққан пациентпен екі турист Германияда жүргенде контакт жасаған. Неміс дәрігерлер испаниялық әріптестеріне бұл жағдайды ескерткеннен кейін контакт жасаған туристерді де ауруханаға карантинге жатқызған болатын.

Айта кетейік, бүгін коронавирус салдарынан Қытайда  259 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал ауруға шалдыққандар саны 11 мыңнан асты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы