SpaceX Starship ғарыш кемесінің 10-шы сынақ рейсін тоқтатты
SpaceX компаниясы техникалық ақауларға байланысты Starship ғарыш кемесінің 10-шы сынақ рейсін тоқтатты. Бұл туралы компанияның ресми хабарламасы әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.
Зымыран Техас штатындағы Starbase ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен 2:30-да ұшырылуы тиіс еді. Алайда жердегі жүйелердегі ақаулар анықталып, сынақ уақытша кейінге шегерілді. Ұшырылымның жаңа күні әзірге белгісіз.
Бұл – SpaceX үшін алғашқы кідіріс емес. Бұған дейін:
- 19 маусымда Техаста статикалық сынақ барысында Starship ауыр тасығышының бірінші сатысы жарылып, жанармайдың ағып кетуіне әкелген.
- 28 мамырда компанияның тоғызыншы сынақ рейсі де сәтсіз аяқталған болатын.
Starship – Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясының Марс пен Айға ұшу бағдарламаларына арналған аса ауыр зымыран тасығышы. Жоба әлемдегі ең қуатты және қайта пайдаланылатын ғарыш кемесін жасауға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан балуандары U20 әлем чемпионатында төрт медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы