SpaceX-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз айының соңынан бері біз SpaceX-пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы аралықта SpaceX-тің мемлекеттік реттеушілермен байланыс жөніндегі директоры Мэтт Ботвинмен бірнеше онлайн кездесулер өткіздік, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 

Ынтымақтастықты дамыту бойынша бізге қызықты бірнеше бағыт бар. Министрліктің мақсаты – Қазақстандағы әрбір елді мекенді интернетпен қамту. Телепорт станциясын Алматы маңында орналастыруға және бес елді мекенді тестке қосуға алдын-ала келісімдер жасалды. Ауылдарда орнатылатын нүктелердің санын әлі де жұмыс барысында нақтылаймыз.

Егер осы бағытта жаңалықтар шықса мен әлеуметтік желілерде бөлісемін. Екі тарап арасында толық келісім мен өзара түсінік пайда болған уақытта қай бағытқа баратынымыз жайлы және БАҚ өкілдері үшін SpaceX-пен бірлескен баспасөз жиынын өткіземіз. .

 

Қосымша айта кетсем Starlink жүйесі АҚШ, Канада және Еуропа елдерінің аумағын толығымен қамтиды. Қазір орбитада "SpaceX" компаниясының 1400-ге жуық жерсерігі орналасқан, - деп жазды Бағдат Мусин.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы