+22

SpaceX, NASA Байқоңырға қызығушылық танытты ма?

SpaceX, NASA Байқоңырға қызығушылық танытты ма?

Байқоңыр кешеніндегі жерлер Ресейден бөлек қандай алпауыт компанияларға жалға берілуі мүмкін? BAQ.KZ тілшісі Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сауал жолдап, жауап алды.

SpaceX немесе NASA ұсынысы бойынша, бүгінгі таңға дейін олардың тарапынан ұсыныстар болған жоқ. Сонымен қатар, ұшыру алаңдары кеңестік (еск. - қазіргі ресейлік) зымырандар үшін жасалғанын атап өтеміз, - делінген редакциямызға келген жауапта.

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев "Ғарышқа келесі қазақстандық қашан ұшпақ?" деген сауалға жауап берген еді.

Қазіргі таңда ғылыми ғарыш саласында 6-шы бағдарлама әзірленіп жатыр. Ғарышкерді ұшыру – бұл үлкен инвестиция, сондықтан біз қолайлы баға мен мүмкіндікті жүзеге асыру үшін әртүрлі келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бүгінде ғарышкер ретінде нақты бір адам таңдалған жоқ. Бірақ басқа компаниялармен және халықаралық серіктестермен бұл мәселе талқылануда, – дейді Мәдиев.

Еске сала кетейік, келесі қазақстандық ғарышқа қашан ұшатыны туралы осыған дейін жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы