Сөз көп, іс аз: Әлеуметтік сала қайтсек оңалады?
«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны әлеуметтік сала тақырыбына арналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпыға ортақ мүмкіндік, әділ бәсеке, әділетті қоғам орнаған мемлекеттің тамыры терең, тұғыры биік болатыны сөзсіз. Тұрғылықты халықтың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруі үшін заңның үстемдігі елеулі рөл атқарады. Түптеп келгенде, мұның барлығы әділетті мемлекет, әділетті экономика, әділетті қоғам үштағанынан көрініс табатыны сөзсіз.
Түптеп келгенде, әділетті Қазақстан құру үшін әділ әлеуметтік саясат жүргізілуі шарт.
Ауқымды саяси реформаларды іске асырсақ, неге қол жеткізе аламыз? Бұқара мен биліктің арасын жалғау, жарлы мен жақыбайдың арасындағы алшақтықты азайтудың маңызы қандай? Әлеуметтік кодекстің саясаттағы рөлі нешік? Ауқаттылардың салығы арқылы жоқ-жітікке қалай жәрдемдесуге болады? Бұл сұрақтардың жауабын осы репортаждан біле аласыздар.
Бұған дейін «Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажы қай өңірге, қандай салаға инвестиция көп тартылғанына арналған болатын.