СOVID-19. Стоматологтың тексеруінен өтуді қажетті зерттеулер тізіміне енгізген жөн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Медицина мамандары коронавируспен ауырған науқастардың ауыз қуысында ерекше қабыну процестері болатынын айтады.

Бразилия университеті денсаулық сақтау факультетінің ауыз гистопатология зертханасының ғалымдары COVID-19-ы бар адамдарда пайда болатын стандартты емес симптомдарды сипаттап берді. Бұл туралы 6 шілде күні "Известия" порталы хабарлады.

Мамандар коронавирустық инфекция кезінде науқастың ауыз қуысында жиі кездесетін белгілері: қызыл дөңес түріндегі нүктелік қан құйылу, кандидоз, травматикалық ойық жаралар және тіл мен шырышты қабықтың басқа да түрлі зақымданулары екенін атап өтті. Бірқатар пациент, сондай-ақ, дәм сезу қабілетінің сол күйі оралмағанын айтқан.

Сонымен қатар, дәрігерлер СOVID-19-дың спецификалық емес көріністері жалпы иммунитеттің төмендеуімен, дәрілік заттарды, атап айтқанда, антибиотиктерді қабылдаумен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

Сондықтан СOVID-19 кезінде стоматологтың тексеруінен өтуді қажетті зерттеулер тізіміне енгізген жөн, - деп санайды стоматологтар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы