СOVID-19: Елордада қанша адам қауіпті індетпен ауырған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Жанна Пралиева хабарлады.
Оның айтуынша, ауру деңгейінің төмендеу үрдісіне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау көрсеткіштері бойынша әлі «қызыл аймақта» тұр.
Сондай-ақ сырқаттанушылықтың жалпы құралымында клиникалық белгілері бар науқастардың жоғары үлес салмағы 78-79% көрсеткіш сақталып отыр, - деді Жанна Пралиева.
Биылғы жылы қала бойынша коронавируспен ауырғандар саны 114 мыңнан асқан. Ал пандемия басталғаннан бері 133 392 адам індетке шалдықса, олардың ішінде 98 668-і – симптомды, 34694 – симптомсыз жағдайлар. Бір тәулік ішінде зертханалық тұрғыда расталған 318 жағдай тіркелсе, олардың 247-і – симптомды, 71-і – симптомсыз болып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласында жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталғаны белгілі. Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар қабылданды. Қаладағы барлық оқу мекемесі Ashyq жобасына қосылған. Мұғалімдердің басым көпшілігі вакцина алған, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауыл әкімдеріне қандай критерий қойылады?
Өзгелердің жаңалығы