СOVID-19: Батыс Қазақстанда індетпен күреске 4,2 млрд теңге бөлінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында БҚО әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев хабарлады. 

Оның айтуынша, облыс эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта орналасқан.

2021 жылы коронавируспен күреске барлығы 4,2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 1151 пациент амбулаториялық ем алуда. Стационарларда 339 адам емделіп жатыр. Облыста 1059 төсекке есептелген 19 инфекциялық стационар жұмыс істейді. Инфекциялық стационарлардың 32%-ы толық. Реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 38,3%-ға тең, яғни 36 пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына мұқтаж науқас жоқ, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ биыл облыс бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 27 849 адам тіркелген.

Олардың ішінде 21 350 адам сауықты. Өкінішке қарай биыл 1 қаңтарынан бері біздің облыстың 582 тұрғыны қайтыс болды, - деді Айдар Нұралиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы