СOVID-19. Әлемдегі ахуал қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берлин полициясы ковид-диссиденттер ұйымдастырған акцияларда 80-ге жуық адамды ұстады. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Митингіге қатысушылар бұқаралық және коронавирусқа қарсы шаралар туралы заңдарды бұзуға шақырды. Бұған дейін Берлин билігі ковид-диссиденттердің мұндай акцияларына ресми түрде тыйым салған болатын. Қаладағы құқықтық тәртіпті 2,2 мыңға жуық полиция қамтамасыз етеді.

Әзербайжанда бұған дейін енгізілген айрықша карантиндік режим 1 қарашаға дейін ұзартылды. Сонымен қатар үйлену рәсімдеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді осы сипаттағы іс-шараларға қатысушылар мен қонақтар тек вакцинация немесе ағзада вирустың анықталмағандығы туралы сертификаттары бар болған жағдайда ғана жіберіледі.

Таиландта COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттер далалық ауруханада “сауық кешін” ұйымдастырды. Самут Пракан провинциясындағы аурухана қызметкерлері пациенттер арасындағы қақтығыстарға наразылық білдіріп, полиция көмегіне жүгінді. Ал қауіпсіздік қызметкерлері бақылау камераларының жазбаларын қарап, пациенттердің бір бөлігі есірткі қабылдайтынын және топтық жыныстық қатынасқа түсетінін анықтады, дегенмен жеке тұлғаларды анықтау мүмкін болмай отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы