"Сотталсам сотталып кетейін, шындықты айтамын" - Байжанов

Астанада өткен сот процесінде Бақытжан Байжанов бұрын өзінің адвокаттарының Бишімбаевтың қорғаушыларымен араласқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірінші күні куәлік бергенде мен қатты қорықтым. Екінші рет мен ұстаған кезде менің адвокатым болды. Сол адвокат маған "ананы айтпа, мынан айтпа" деп айтатын. Кейін желтоқсанда ол адвокатттың Бишімбаевтың адвокаттарымен араласып жүргенін түсіндім. Сол айда оны алып тастадым. Сотталсам сотталып кетейін, мен айтып жатқанымның бәрі шындық, - деді Бақытжан Байжанов.

Осыған дейін Байжанов Бишімбаевпен полиция қызметкерлері келгенше өзара ешқандай келісімге келмегенін айтты.

Сондай-ақ ол Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжал бұрын да болғанын мәлімдеген еді. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жоғарғы сот
Өзгелердің жаңалығы