Сотталғандарға медициналық көмек көрсетуді ДСМ-ға тапсыру қалай жүзеге асырылып жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Жанар Шайдуллина ІІМ-нің брифингінде айтты.

2019 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 1 сәуір аралығында Алматы және Қарағанды облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінің мекемелерінде пилоттық жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде білікті медициналық көмек көрсету мәселелерінде аумақтық денсаулық сақтау органының медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жақсарды, - деді ол.

Жанар Шайдуллина атағандай, азаматтық денсаулық сақтау саласында сотталғандардың қазіргі заманғы тексеру, диагностика және емдеу әдістеріне қол жетімділігі кең болды.

Сонымен қатар сотталғандар мен тергеу қамауындағыларды медициналық қамтамасыз ету функцияларын ДСМ қарамағына беру бойынша дайындық іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта функцияларды беруді жүзеге асыру үшін НҚА-ға өзгерістер енгізу бойынша заң жобалау жұмысы жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы