Сотталғандарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. Егу іс-шараларын ҚАЖ-дың барлық аумақтық департаментінде жүргізу жоспарлануда. 

1 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын пайдалана отырып, халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 қаулысына сәйкес жұқтыру қаупі жоғары, әсіресе, вирус жұқтыруға және оның таралуына бейім адамдардың тізімі анықталды.

Қазір осы науқанды халықтың тіркелу тізілімі шеңберінде ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын жұқтыру қаупі басым тобы арасында өткізу мәселесі пысықталуда.

Екпе егілетін алғашқы мекеме астаналық қоныс-колониясы, яғни Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесі болды. Вакцинация жұмыстары 9 наурызда басталды, осы кезеңде 100-ге жуық сотталғанға вакцинация сәтті жүргізілді, 60 адам препаратты қабылдаудан бас тартты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҚАЖ жеке құрамы вакцинациядан өтті, қалған ҚАЖ департаменттері вакциналауды өткізу кестесіне сәйкес вакцинаны алады.

Егілетін адам өз еркімен келісімге немесе егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды. Процедура 21 күндік аралықта 2 кезеңнен тұрады.

COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізу алдында міндетті түрде егілетін адамды медициналық қызметкер қарайды, міндетті түрде термометрия жүргізіледі және егілетін адамда аллергиялық реакциялардың, созылмалы аурулардың болуына әңгімелесу жүргізіледі. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар болған жағдайда үдемелі созылмалы аурулары және аллергиялық реакциялары бар науқастарға вакцинация жасалмайды.

Егілген адамдар 30 минут бойы медициналық бөлімде бақылауда болады. Медицина қызметкерлері мен ҚАЖ қызметкерлерін вакцинациялау Полиция департаменттерінің емханаларында, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды вакцинациялау пенитенциарлық жүйе мекемелерінің медициналық бөлімдерінде жүзеге асырылады.

Елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, онда ұсталатындардың саны шамамен 32 мың адам.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы