Сотталғандар үшін тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталған азаматтар мен азаматшалар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Бұл туралы облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтардың рухани байлығын арттырып, мәдени көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген экскурсияға 20-ға жуық сотталған барды. Мұражай қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, осындағы өлкенің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 14 залды аралап, мол мағұлмат берді.
Музейге экскурсия жасау барысында тарихи құнды, өзіндік маңызы бар қаншама экспонаттармен таныстық. Өткеніміздің тарихынан сыр шертетін залдарды аралап, артына өшпес мұра қалдырған өлкемізде өмір сүрген би-шешендер,батырлар өнер иелері және Тәуелсіз Қазақстанның айшықты оқиғаларынан туралы мол мағұлмат алдық. Музейден үлкен әсер алып, рухани тұрғыда байып қайттық. Осы шараны ұйымдастырған мекеме әкімшілігіне және музей қызметкерлеріне алғысымыз шексіз, – деді сотталған азамат.