Сотталған азамат түрмеде Абай портретін салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 12 жылға сотталған азамат Ұлы Абай портретін салды. Бойындағы осындай бір керемет өнерін көрген мекеме әкімшілігі алдағы уақытта осы туындыны балабақша немесе мектеп-интернатқа сыйға тартпақ, деп хабарлады ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі пандемия кезеңі темір тордың арғы жағында отырған сотталғандарға да өз әсерін тигізді. Туған-туыстарымен кездесу мен мекемедегі барлық іс-шара да тоқтатылған.
Қолымнан осындай өнер келетініне қуанамын, темір қапаста отырғаныма 4 жыл болды. Енді 8 жылым қалса да, болашақтан үмітімді үзген емеспін. Анама, жанұяма, балаларыма деген сағынышым жаныма жылу береді. Жасаған қылмысым үшін жазамды толығымен өтеп, жаңа өмірімде өкініш болмаса екен деймін. Осы бір туындымды мекеме әкімшілігі арқылы "балабақшаға немесе мектеп-интернатқа сыйлық ретінде ұсынсам ба" деп отырмын. Жуырда жұмысымды толығымен аяқтаймын, - дейді Мақсат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Баянды ауылындағы "кілем" жолдың қалай төселгені белгілі болды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы