Сотталған әйелдер 8 наурызды қалай тойлады

Астана, BAQ.KZ. Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Қарағанды облысындағы АК-159/9 мекемесінде ашық есік күні өтті.

Сотталған әйелдердің   мерекелік көңіл-күйін жоғары деңгейде сақтап, психологиялық серпіліс сыйлау мақсатында туған-туыстарымен осындай жылы жүздесу ұйымдастырған әкімшіліктің үлесі зор. Мекеме төрінде алғашқы рет Қарағанды қалалық  Халық шахтерлық қоры өнер көрсетіп, көрермендерді мол қуанышқа бөледі.


Патриоттық рухты оятып, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал ететін халық әндерін творчестволық ұжым көрермендердің ерекше қолдауымен орындады. Мекеме қабырғасында жазасын өтеуші әйелдер бұл күні бақытқа бөленгендері анық, бірі туған-туысының, жақынының үніне қанық болды. Әйел заты жадырар көктемнің мерекесінде Қарағанды қалалық Шахтер қорының өнері нұр үстіне нұр толтырып, ашық есіктер күні маңыздылығын көрсетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы