ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД басшысының бірінші орынбасары пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған "Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" РММ басшысының бірінші орынбасары, әділет майоры Т.К.Тұрсынбаевқа қатысты тергеу жүргізген болатын.
Ол бағынышты қызметкерден қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 132 мың теңге көлемінде пара алуда күдікті болған, - делінген хабарламада.Қарашада №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен аталған лауазымды тұлға пара алғаны үшін айыпты болып танылды және оған арнаулы атағынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойы тыйым салумен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы