Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысы прокуратурасының бастамасымен Қостанай қаласындағы ҚК-161/11 төменгі қауіпсіздік мекемесінде сотталғандармен "Оңалту түрмесі" шарасы өткізілді, деп хабарлады Бас прокуратураның сайты.
Шара мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін алғашқы күндері сотталғандардың қоғамға әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасау болып табылды.Іс-шараға психолог, Қостанай қалалық өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтендіру орталығының мамандары, халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, қоғамдық-бақылау комиссиясының және пробация қызметінің төрағасы қатысты. Кездесуде сотталғандарға құжаттарды қалпына келтіру, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, білім алу және одан әрі жұмысқа орналасу үшін сертификаттар бойынша көмек көрсетудің барлық аспектілері түсіндірілді, - делінген ақпаратта.Сотталғандардың көпшілігі босатылғаннан кейін әлеуметтік-құқықтық көмек алу, міндетті медициналық сақтандыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар алу, жұмыспен қамту орталығы ұсынатын шағын бизнес үшін жеңілдікті шарттармен несие алу мәселелері қызықтырды.