Сотта заңсыз жауапқа тартылғандар саны 41%-ға төмендеген

Бас Прокурор азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау жөніндегі алқа отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін қадағалау органының басшысы Б.Н. Асыловтың төрағалығымен өткен алқаотырысында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды, оған тергеу және анықтау органдарының орталық аппараттары мен өңірлік бөлімшелерінің басшылары қатысты. 

Қылмыстық процесте адам құқықтарының бұзылуының жолын кесу бойынша прокурорлармен қабылданып жатқан шаралардың белгілі бір нәтиже беретіні атап өтілді. 

Соттарда заңсыз жауапқа тартылған азаматтар санының 41%-ға төмендеуі байқалады. 

Соңғы 3 жылда Бас Прокурордың наразылықтары бойынша Жоғарғы Сот 67 азаматты ақтады. 2023 жылы тергеу органдары қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін айыпталған 280 күдікті адамға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды. Олардың жартысына жуығын (122 адам) прокурорлар заңсыз қылмыстық қудалаудан босатты. 

Сонымен қатар өткен жылы прокурорлар қызметтік үй-жайларда заңсыз ұсталған 449 азаматты босатты. 

Менің тапсырмам бойынша Бас прокуратура әрбір ақтау үкімінің себептерін жан-жақты сараптап, қатаң кадрлық шешімдер қабылдауда. Осы тәжірибені барлық тергеу органдарына қабылдауды ұсынамын, олардың басшылары жұмысты ұйымдастыру кезінде «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында баяндалған Президенттің талаптарын қатаң сақтауы тиіс,- деп атап өтті Асылов. 

Алқа қорытындысы бойынша Бас Прокурор қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу мақсатында қосымша практикалық шаралар кешенін қабылдауды тапсырды және азаматтарды жеткізу және олардың құқық қорғау органдарының үй-жайларында болуы кезінде бейнебақылауды енгізуді жалғастыруды, күдіктілерге электрондық білезіктерді қолдануды кеңірек пайдалануды ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы