Сотта Шерзат қайтыс болған күннің видеолары көрсетілді
Шерзат Болаттың қазасы бойынша өтіп жатқан сот отырысында қайғылы оқиға болған “Қамажай” дүкенінің ішіндегі бейнекамералардың жазбасы көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бейнежазбаның 2024 жылғы 3 қазан сағат 23:00 кезінде түсірілгенін байқауға болады.
Еске сала кетсек, бүгінгі сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентай оқиға болған күні жайлы жауап берді.
Сондай-ақ ол оқиға болған күнгі жайт жазатайым болғанын айтып, әділ шешім шығаруды сұрады.
Мемлекеттік айыптаушылар
Іс ауқымы – 62 том. Соған қарамастан, оны тек екі прокурор жүргізіп жатыр. Олар:
• Ержан Құрақбаев – Алматы облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы;
• Дана Сәрсенбай – Жетісу облысы, Талдықорған қалалық прокуратурасының аға прокуроры.
Сотта төрт жәбірленуші бар:
• Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов;
• Анасы Гүлбара Бейшембиева;
• Әжесі Жұмабике Қадырова;
• Марқұмның досы, Алдияр Махметтің заңды өкілі – Әйгерім Мұқатаева.
Айыпталушылар қатарында кімдер бар?
Қылмыстық іс бойынша 9 адамға айып тағылған. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Істің басты фигуранттары:
1. Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру"), 24-бабы 3-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу"), 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық");
2. Равиль Сакиев – дәл осы баптар бойынша;
3. Азамат Тоқтаубаев – "Бұзақылық" және 188-бап 1-бөлігі ("Ұрлық");
4. Нұрбол Тоқтаубаев – "Бұзақылық";
5. Шыңғыс Белғожаев – "Бұзақылық";
6. Дархан Әскентай – "Бұзақылық";
7. Нұрқияс Ілиясов – "Бұзақылық";
8. Дидар Қалияхмет – "Бұзақылық";
9. Думан Ысқақ – 434-бап ("Қылмыс туралы хабарламау").