Сотта Перизат Қайраттың анасы өзін жайсыз сезінді

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатқан сот процесінде тосын жағдай болды. Жәбірленушілерден жауап алу кезінде екінші айыпталушы өзін жайсыз сезініп, сотта үзіліс жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жауап алу кезінде Алашбаеваның жағдайы күрт нашарлаған.

– Не болды? Өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? – деп сұрады судья.

– Қысым. Қан қысымым көтеріліп кетті, – деп жауап берді әйел.

Сот өкілдері бастапқыда "Тұмау ма?" деп нақтылауға тырысқан. Алайда төрағалық етуші судья жағдайдың күрделілігін аңғарып, сот отырысын тоқтатуға шешім қабылдады.

– Сот үзіліс жариялайды. Қазір жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетеді. Үзіліс жарияланды, – деді судья.

Еске салсақ, қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде екі адам, яғни Перизат Қайрат пен оның анасы танылып отыр. 2025 жылдың 4 сәуірінде  Перизат Қайраттың анасы Гайни Алашбаева үй қамаққа алынған болатын.

Тергеу барысында анықталғандай, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат түрлі қайырымдылық акциялары арқылы жалпы сомасы 3,5 миллиард теңге көлемінде қаражат жинап, оны өз пайдасына жаратқан. Мұндай қаражаттар негізінен балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына көмек көрсету үшін жиналған деп көрсетілген. 

Алайда, тергеу барысында бұл қаражаттардың көп бөлігі оның жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде сәнді киімдер, әшекейлер, көліктер мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалғаны анықталды

Сонымен қатар, ол осы қаражаттарды заңдастыру үшін жалған келісімшарттар жасап, жеке кәсіпкерлермен келісімдер жасаған.

Бұған дейін қайырымдылық қорының құрылтайшысы күдікке ілінгенін, Перизат Қайрат деген кім екені туралы, оның тағы бір заңсыз әрекеті анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Перизат Қайрат "фактілермен қорғанамын" деп өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Перизат Қайрат миллиардтаған ақшаны қалай жұмсағаны да белгілі болды

Asar-Ume Перизат Қайраттың қорына 200 млн теңге аударған, бірақ есебін алмаған

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: insta:01pk
Өзгелердің жаңалығы