С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Республика күнін атап өтті

"Жаңа Қазақстан-қуатты ел" атты шарада жиылғандарға концерттік бағдарлама ұсынылып, марапаттар табысталды , деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында ұйымдастырылған мерекелік кеште ең алдымен оқу орнының ректоры Гүлзада Шакуликова сөз алып, студенттер мен өзге қонақтарды мерекемен құттықтады.

 Бұл мереке - Қазақстанның тәуелсіздігі, халықтар достығы, жеткен жетістігі мен алған асуы дәріптелетін, ұлттық рухты көтеретін қастерлі күн. Егемендік күнін еліміздің ең басты мерекесі ретінде атап өтуіміз - елдігіміздің белгісі. Баршаңызды осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.Еліміздің энергетика кешеніне кадр даярлайтын бірегей оқу орнымыз - С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген баршаңызға, біздің құрметті профессор-оқытушыларымыз бен индустриядағы серіктестерімізге, білім алушылар мен ата-аналарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.Тағы бір атап өтерлік жайт - биыл мемлекеттік күндердің тізбесі  толықтырылып, 24 қазан - Кітапханашы күні болып бекітілді. Кітапханашы мамандығының имиджін арттырып, кәсіби аренада ынталандыру мақсатында бекітілген жаңа кәсіби мейраммен Университетіміздің кітапханашыларын құттықтаймын!Бірлескен жүмысымыздың берекесі арта берсін ,-деді Г.Шакуликова. 

Мереке қарсаңында білім ордасының жұмысына өлшеусіз үлес қосып, еңбек етіп келе жатқан университеттің 10 қызметкеріне ректордың алғыс хаты табысталды. Кейін қонақтар оқу орнының студенттері мен жергілікті өнерпаздар ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы