16 Қыркүйек 2026, 12:38 Фото: видеодан алынған кадр

«Сот залында қамауға алынды»: Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты. Ол желіде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралған. Нұрсұлтан Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша айып тағылған.

Сот оны кінәлі деп танып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.

Сондай-ақ сот жәбірленушінің азаматтық талабын ішінара қанағаттандырып, оның пайдасына 5 миллион теңге өтемақы өндіріп беруді міндеттеді.
Үкім жарияланғаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Сот үкімі әлі күшіне енбеді. Алдағы 15 күн ішінде блогер аппелияцияға өтініш бере алады.