Сот Трамптың New York Times-қа қарсы ісін қабылдамады

АҚШ-тың Федералды судьясы Дональд Трамптың New York Times газетіне қарсы 15 миллиард доллар көлеміндегі жала жабу туралы шағымын қабылдамай тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Округ судьясы Стивен Мерридейдің айтуынша, Трамптың өтініші федералды ережелерді бұзған. Заң бойынша талапкер соттан неліктен көмек сұрап отырғанын қысқа әрі нақты көрсетуі тиіс. Судьяның сөзінше, сотқа жүгіну «қарсыласқа ашу шақыру алаңы» болмауы керек.

Шешімге сәйкес, Трампқа шағымын өзгерістермен қайта ұсыну үшін 28 күн берілді.

Айта кетейік, осы аптаның басында Дональд Трамп Truth Social желісінде New York Times-ты «тым ұзақ уақыт бойы өтірік айтып, жала жауып, оны қаралап келді» деп айыптап, сотқа шағым түсіргенін мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: рentagram.com
Өзгелердің жаңалығы