Борышкерлерге "қамқорлық жасап" жүрген сот төрағасы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтардан пара алып, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуына көмектескен.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен әшкереледі.


Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр, - делінген ведомство хабарламасында.

2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы