Сот төрелігі академиясы магистранттарына қатысты видеоға түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы Академия магистранттары туралы 2020 жылдың 13 қаңтарында YouTube желісінде жарияланған бейнематериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлады.

Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселені шешуге, тексеру қорытындысы бойынша жасалған Комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шет елдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі - делінген хабарламада.

Оқу жұмысы мен шет елдегі тағлымдаманы ұйымдастыруға жауапты бір қатар қызметтік тұлғалар қазіргі кезде Академияда жұмыс істемейді. Мәселен:

2020 жылдың 14 қаңтарынан оқу және ғылыми жұмыс бойынша вице-ректор Раззак Н.Р., 2019 жылдың 9 қазанына дейін Академия Ректоры міндетін атқарушы;

2019 жылдың 3 желтоқсанынан халықаралық ынтымастық сұрақтары бойынша жетекші ғылыми қызметкер Абикеева А.К.;

2019 жылдың 12 желтоқсанынан Жоғарғы оқудан кейінгі институттың бас сарапшысы Толеп Л.Е.

2019 жылы қазанда Баймолдина З.Х. Ректор болып тағайындалды.

Сонымен қатар акедемия ткелесідей хабарлама таратты.

Бірінші - бейнематериалдағы тұлғалар Академияға 2 жыл бұрын түскен. Олар түрлі мемлекеттік органдардың, негізінен министрліктердің және ведомствалардың қызметкерлері. Екінші - академияның дипломы мен оқуы магистранттардың судьялық лауазымына автоматты түрде тағайындалуын қамтамасыз етпейді. Олар басқа да кандидаттар секілді заңмен көрсетілген Жоғарғы Сот Кеңесімен өткізілетін барлық конкурстық процедураларды өтеді. Үшінші - егер бұрын конкурсты кандидаттардың әрбір төртінші сәтті өтіп, судья ретінде тағайындалған болса, 2019 жылдан бастап қатаң таңдау тәртібін енгізгеннен кейін конкурсты үміткерлердің әрбір жиырмасыншы сәтті өтеді - делінген онда.

Бұған қоса, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы жақын арада тексеріс нәтижесі және академия ректоры қабылдаған шешім туралы қосымша мәлімдеме жасалынатынын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы