Сот шешімі: "Жолаушылар тасымалы" билет қайтару кезінде мың теңгені заңсыз алып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ билеттерді қайтару кезінде 1 000 теңгені негізсіз ұстауына байланысты кінәлі деп танылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің хабарлауынша, бұдан бұрын осы жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган оған бұзушылық белгілерінің бар-жоғы және тергеп-тексеру басталғанға дейін оны жою мүмкіндігі туралы хабарлама жолдады. Алайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ заңда көзделген осы құқықты пайдаланбады және нәтижесінде сотта "ұтылды", - делінген жарияланған ақпаратта.
Осыған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ тек арзан билетті қайтарған кезде жолаушыдан ұсталып қалатын айыппұлды алып тастағаны туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы