Сот орындаушысы бір жыл бойы баланың алиментін жымқырып келген
Нұра ауданының прокуратурасымен жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЖСО бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды.
Өндіріп алушы алимент берешегін өндіріп алу жөнінде борышкерге қатысты шара қолдану туралы ЖСО-ға жүгінген, алайда борышкер берешегін уақтылы жолдап отырған. Жеке сот орындаушысына қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Forbes Global тізіміне кіретін компанияға елімізде химия өндірісін ашуды ұсынды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы