Сот орындаушылары борышкерден 2 миллион 250 мың теңге алимент өндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық сот орындаушылары алимент өндіру жұмысын жалғастыруда. Жаңа жыл қарсаңында бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Жеке сот орындаушылары (ЖСО) өңірлік палатасының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 2016 жылдың мамыр айынан бері алиментке 2,3 млн теңгеге жуық қарыз болған. Осыған байланысты іс қозғалды.
Борышкердің кәмелет жасына толмаған қызы бар, оны асырап-бағу үшін 2016 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа сотының шешімімен алимент төлеуі тиіс болған. Белгісіз себептермен борышкер оны төлеуден жалтарған.
Алайда, осы істі жүргізумен айналысқан жеке сот орындаушысы 2 миллион 250 мың теңге көлеміндегі қарызды бірден өтеуге қол жеткізді, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.
Нұр-Сұлтан қаласының ЖСО өңірлік палатасы жаңа 2021 жылды қарызсыз қарсы алуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белгілі композитор Тасмағамбетовтің жақсылығын паш етті
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы