Сот орындаушылар алимент төлеуге арналған ақшаны иемденген

Астана қаласының прокуратурасы қызметтен шеттетілген жеке сот орындаушыларының қаражаттарды жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратаураның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың мәліметінше екі жеке сот орындаушысы, қызметтері тоқтатылғанына қарамастан, алты ай бойы 87 балаға алимент төлеуге арналған ақшалай қаражатты иемденген. 

Мысалы, жеке сот орындаушысы 2-топтағы мүгедек әкенің әлеуметтік жәрдемақы есебінен балалар үйіндегі екі баласына аударған алимент төлемдерін жымқырған. Тағы бір жеке сот орындаушысы қайтыс болған алимент төлеушінің банктік шоттынан ақшаны шешіп алып, оны өзінің қалауымен жұмсаған, - делінген ақпаратта.

Жалпы олар 5 млн теңге қаражатты жымқырған. Бүгінге, прокурорлардың араласуынан кейін 34 балаға залал өтелді, қалғандары бойынша жұмыс жалғасуда. Алаяқтық және өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан - архив
Өзгелердің жаңалығы