Сот корпусын едәуір жаңартып, түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті бірінші сессиясының ашылу барысында айтты.
Мемлекет тарапынан қолға алынған шараларға және Жоғарғы сот төрағасының тікелей өзі күш салып жатқанына қарамастан, сот корпусының сапасына қатысты әлі де түйткілдер бар. Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс. Сондықтан сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлердің кәсіби тәжірибесімен қатар жеке қасиеттерін де ескерген абзал. Бұл БАҚ-та ашық көрсетілуі тиіс. Сот қызметі туралы ақпарат қоғам үшін неғұрлым қолжетімді болғаны жөн, - деді ол.
Президент азаматтармен өзара қарым-қатынастың сервистік моделін енгізу туралы айтты.
Қоғамдық қауіпсіздік жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етеді, - деді ол.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14 қаңтар күні VII шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы