Сот Ерболат Жанабыловқа қатысты шешім шығарды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Судья блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты істі қайта тергеу үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолдау туралы шешім шығарды.

Яғни блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс тоқтатылды. Сот олардың әрекеттерінде заңсыз кәсіпкерлікке тән белгілер бар деп танып, материалдарды Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

Соттың мәліметінше, Төлегенова мен Жанабылов онлайн-курстарды сату шартында ақшалай сыйлықтар мен автокөліктер ұтысын ұйымдастырған. Бұл әрекеттер заңнамаға сәйкес “лотерея қызметін заңсыз жүргізу” ретінде бағаланып, әкімшілік емес, қылмыстық сипатқа ие болуы мүмкін. Енді істі құқық қорғау органдары қылмыстық-процессуалдық тәртіпте қарайды.

Бұған дейін Жанабыловтың әйеліне қатысты істі қылмыстық бапқа ауыстыру ұсынылғанын айта кетейік.

Сондай-ақ, Жанабылов сотта судьяның сұрағына жауап бере алмады

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы