Сот ер адамға 5 жыл бойы үй шаруасын атқарғаны үшін әйеліне өтемақы төлеуге міндеттеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай тұрғыны ажырасу кезінде балаларды тәрбиелеп, үй шаруасын атқарғаны үшін «отағасының» компенсация төлеуін талап етті.
Пекин соты ер адамға әйеліне ерлі-зайыпты болған сәттен бастап осы уақытқа дейін үй шаруасын атқарғаны үшін өтемақы төлеуге міндеттеді.
BBC News хабарлауынша, бес жыл бойы күйеуінің жағдайын жасағаны үшін әйелге 50 000 юань (ред. - 3 215 313 теңге) төленетін болды.
Белгілі болғандай, ер адам 2020 жылы ажырасуға өтініш берген. Оның әйелі күйеуінің оған мүлдем көмектеспегенін айтып, балаларын тәрбиелеп, осы күнге дейін үйдегі бар шаруаны өзі атқарғаны үшін өтемақы төлеуді талап еткен.
Сот шешімді әйелдің пайдасына шығарды. Енді ер адам оған ай сайын 2 мың юань, ал бірреттік төлем ретінде 50 000 юань төлеуі міндетті.
Бұған дейін мұндай өтемақы алу мүмкіндігін тек неке шартын жасасқан кезде ғана алуға болатын.
Бұл жағдайдың әйел пайдасына шешілуі елде 2021 жылы жаңа азаматтық кодекстің қабылдануының арқасында болды. Кодекске сәйкес, енді ер адам бала тәрбиесіне қатысып, қартайған ата-анасын күтіп-баптаған жағдайда жұбайынан өтемақы төлеуді талап етуге құқылы болады.
Аталған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейбір қолданушы 5 жылда атқарған еңбегі үшін 50 000 юань тым аз десе, басқалары әйел тұрмысқа шыққан кезінде карьерасын жалғастыруы керек деп пікір қалдырды.